ВЕРНУТЬСЯ

         Сезімтал,

Сергек,

Сері,

Серке жігіт,

Сең бұздың сере мұзға ерте кіріп,

Жауға атқан Махамбеттің жебесісің,

Жорықта домбырасын шерте жүріп!

Мөп-мөлдір көңіліңнің тұнықтығын,

Бұл әлем болмады ма ұғып бүгін?

Сездірмес сенің ыстық жүрегің бар

Тағдырдың тоң мінезді суықтығын.

Қырық жас бізден кейін қалды ғой деп

Қамыкпа,

Қайран досым - қанды көйлек.

Қызығы тарқамайтын бұл дәуренді

Ойлайық бастан өтпес мәңгі ғой деп!