ВЕРНУТЬСЯ

         Құм басып
даланы

із біткен жымдасып барады,

опасыз мынау жалғанға

кім ғашық болады?

Сәл тоқталыңдаршы,

көзім түк көрмей қалды,

аңғалағына қадалған

оқты алыңдаршы,

еңсемді көтерейін,

ей, аспан,

төбемнен тоқпағыңды алшы,

дүние неге қараңғы,

от жағыңдаршы?!.

Бұл жақта ебелектер көп,

сайтан көбелектер жоқ,

мені тірідей көмген бе, немене

барамын керемет терлеп?..

Сыр сақта, ұлым,

(бір сәт таныдым),

айырмашылығын мен айтсам

ене мен жердің құрсақтарының,

мына жел қайдан әкелді,

иісін гүл шоқтарының?

Суырыңдаршы оқты,

ажыратыңдаршы токты

Өшіріңдер жұлдыздарды,

Сөндіріңдер күн, айды,

Жылытыңдар түнгі ызғарды,

Жұбатыңдар құдайды.

Жылатпаңдар бұлттарды
да,

Күрсінтпеңдер теңізді.

Айтатұғын жұрт қалды ма

Асыл сөзін ең ізгі?

Қалса - айтсын,

Сыр ақтарсын,

Тыңдайын да соңғы рет,

Көз жасы боп бұлақтардың

Көкке ұшайын мөлдіреп...