ВЕРНУТЬСЯ

             Домбырадан
күй жұпары аңқыды...

діріл қағып шертілгендей жан қылы,

жүрегімде -

қазбауыр бұлт қаңқылы,

жанарымда -

жаралы кеш жалқыны...

Неткен үндес мына бір күй Құранмен!

Аллау Акбар!

аруақтанып тұрам мен!

мұңлы мазар бесігіндей пейіштің...

киесіне көңіл ұйып, тынар дем.

Уақыт - ісмер

Жер жыртығын жамаған,

қыртысында қыршын кеткен сан адам...

бүгін міне қайта туып құдірет,

о дүние аспанынан қараған.

Күй дегенің аумайды ғой Құраннан,

жарық нұрдан, сәулелерден құралған,

кел, зиратшым,

күй тыңда да, қолың жай,

шын құтылғың
келген болса күнәңнан!