ВЕРНУТЬСЯ

           Ескерткіштер
құлап жатыр бұрынғы,

 табындырған таспұттан жұрт түңілді?

 Батырмысың,
бақсымысың, бәрі бір,

қара базар қағып алар жыныңды.

Біреулердің жан-жүрегін жылатып,

бар тіршілік тұрған
сынды гүл атып,

өмір-бақи тағзым етіп келгендер,

сол мүсінді жатыр енді құлатып...

Ескерткіштер орны қалды ойсырап,

қимаң оған қышымасын, қой, шырақ,

кімге орнатсаң - соған ертең табынар,

тұлға
керек жүрген жұртқа тойсырап.

Ескерткіштер ескі болса - құласын

орнына оның.бәлкім,
өзің тұрасың?

Жас ағашты отырғызу үшін де

кәрілерін қырқасың да, жұласың...

Күн
өртеніп марқүм болды,

аспан Айдан мақұрым қап,

сүмбілемен салқын келді,

су суыды ақырындап.

Желден жусан ырғалады,

жұпарына ақын ғашық,

қоштасарда Күн қарады,

үнсіз ғана мақұлдасып.

Ескен кезде таң самалы,

дала бөгіп нұрға
мұңлы,

сенің қолқаң аңсар әлі

менің жусан жырларымды.