ВЕРНУТЬСЯ

       Өлеңім,

өзің менің ақ періштем,

өмірде тек өзіңмен тақ бөліскем,

сен барда

әбілхаят суы екен ғой

ит ішпес атау керем жатпен ішкен.

Сыланған сұлу
емес сырға тағар,

сындарлы сесім едің сынға толар,

сен жоқта құлап
талай кұдыққа да,

секірді құлағымда құрбақалар.

Сен барда жай ойнатып, күн жайлаттым,

аспанның астын түгел сырнайлаттым,

сен жоқта бір жартастан сынып түскен,

қоңырқай күйін кештім құм қайрақтың.

Жатса да көз боялып,

сөз боялмас

ешқашан туыспайды жез бен алмас,

заманның зілзаласы сан өтсе де

Сен барда, сірә мені қозғай алмас.