ВЕРНУТЬСЯ

         Екі мерзім
-

туғаның мен өлгенің...

екі дүние -

көргенің мен көрмегің.

өмірге өзің тырнап ашқан көзіңді

жабатұғын шақ келеді әлдекім.

Ғұмыр озар
көзіңді ашып-жұмғанша,

қас-қағымда ғайып болар жыл қанша

Екі дата - екі бөлек ғасырлар,

арасында бір сызықша тұрғанша.

Екі мерзім -

бірі алтынға бергісіз,

екіншісі...

екіншісі - белгісіз...

Бар ғұмырың, бар болмысың

бір ғана

сызықшаға сиятыны сенгісіз!

Сол сызықша
-

шлагбаум жол жапқан,

ешбір адам қайта келмес ол жақтан,

оралмаса оралмасын басқалар,

мен оралам оралғандай солдаттан...

Мен оралам,

есімімді бөтен ел,

қараменен қоршап қойып мәпелер...

Сол қоршауды бұзып шығам түбі мен

жау қоршауын бұзғанындай әкелер...