ВЕРНУТЬСЯ

           Амepикадa бұлбұл жоқ дейді!

Бұлбүл-жыр...

Жер таңдайды екен,

Ел таңдайды екен бұл құргыр!..

Бұлбұлсыз ел де болады екен деп аядым,

Бұлбұлға толы Зайсанымды ойлап тұрдым бір.

Байласаң бұлбұл тұрмайтын өлке!

Қайдын, ә!

Қалайша? Here?

Қонбай-ақ қойды миыма.

Барлығын берсе,

Біреуін іркіп калатын -

Құдайдың бұл да бұлдап бір тартар сыйы ма?

Айдыны асқан,

Байлығы тасқан менмен ел,

Билігіне де,

Бишігіне де сенген ел.

Төрт құбыласы
сай,

Жағасы жайлау болса да,

Бір бұлбұл жетпей тұр екен, шіркін, сән берер

Үлгілі ел деп,

Үйірсек тартсам - жоқ тұрыс,

Үн қосар үрікпей

Үндістен де өзге көп туыс.

Құпияңды ашшы,

Бұл әлем
әлі жат маған,

Сескендің неден,

О бұлбұл,
бұлбұл - текті құс!?