ВЕРНУТЬСЯ

          Шаң
ілеспес

шалқұйрығьң
әлі тың,

шалқы,

шайыр,

ширықсын бір шабытың!

шоққа лақтыр

шабан тірлік қамытын,

шабылған
жоқ әлі ағаш ат - табытың...

Жаяу жырау

жыр төгіп те жарытпас,

жортып жет те,

іл көкпарды!

алып қаш!

қаның ойнап,

қазақтығың оянсын,

асау желмен аймаласып, мауық бас!

Қаз мойынды ән ғой мынау - ат емес,

күй десең де,

би десең де қате емес,

жел жетпейтін жүйріктігін
айтсаңшы,

найзағаймен,

нұрмен ғана тетелес!

Ойын-тойға,

қыз қууға қырат кең,

ойхой, досым,

ойқастап бір шық атпен,

құрттай
қыздың

қылымсуын қарашы,

қылмыңдатпай ұрып жықшы тымақпен!..

1996