ВЕРНУТЬСЯ

        Ақындар құмар бакшааға,

әкімдер құмар акшаға,

біреуі жақын құдайға,

біреуі жақын патшаға.

Ақындар,

ойхой, оңбайды,

әкімге тиісіп сорлайды,

басынан бірі айрылар,

бірінде бас та болмайды!

Ақындар асық ажалға,

әкімдер ғашық ғазалға,

екеуін мақшар теңгеріп,

жатады қатар мазарда.

Ақындар ішер жатып ап,

әкімдер жүрер қатын ап,

қайсысы мұның ақылды,

қайсысы мұның
ақымақ?