ВЕРНУТЬСЯ

           Алтынмен торың апталған,

Өзегің толы өкініш.

Мен туып-өскен жақтардан,

Тарту боп келген тотықус.

Кейуақта болдьң
сырласым,

Тотым-ау, менің тотым-ау.

Бейуақта болдың мұңдасым,

Біздің де көңіл жетім-ау.

Сайрасаң - сазың ғаламат,

Тұрпатың титтей, қос уыс.

Әуенің бойды аралап,

Егілтер мені, тотықүс.

Сайрайсың нені ән қылып,

Тотым-ау, менің тотым-ау,

Сағынтып өтер мәңгілік,

Тіршілік деген осыма-ау?!

Сағынып туған жеріңді,

Жылайсың ба әлде, тотықұс.

Аңсаймын мен де елімді,

Ұшпаймыз неге, не тұрыс?

Ұшырсам
сені көгіңе,

Тотым-ау, менің тотым-ау,

Сәлем айт туған еліме,

Олар да аңсап отыр-ау.

1995