ВЕРНУТЬСЯ

            Жусаны
жұпар шашқан

Жаңғызтөбем,

Жоныңнан жалаңаяқ

Жалбыз терем.

Жанымның жапырағын жамыратып,

Жарысып жібек желмен жалғыз келем

Алдымнан адырларың андыздаған,

Ауылсың қасиетті, Жаңғыз, маған.

Аулақта ата-анамды аңсағанда

Ақ жауын алқымымды айғыздаған.

Атыңнан айналайын «Жаңғыз» деген,

Төркіні текті өнердің әнді үзбеген.

Жаһанның Жерұйығы сен едің ғой,

Атамыз Асан қайғы
мәңгі іздеген.

Жер бар ма бұл жалғанда Жаңғызымдай,

Жеткізген бұлаңдатып хан қызындай.

Тілеймін болсыншы деп елім аман

Ешқашан жарылыстан қан бұзылмай.