ВЕРНУТЬСЯ

          Ботасы өлген
ғасыр інген

 боздағанын көп көрдік,

 күнәмізді жасырумен,

күнімізді өткердік;

бетегеден биікпіз деп,

күпілдеп жүр жұрт
әлі,

жоғалған
Жерұйықты іздеп

шықпады Асан ұрпағы;

касарсам-ақ
халым - мүшкіл,

қайғы көзді қарайтты,

жаным - тәтті,

қаным - қышқыл,

сорған маса соны айтты.

өзіме өзім өгей болып,

аспанды жалт қараттым,

мырзасынып, әуейіленіп,

жатқа шүлен тараттым.

Туған далам құнарлы
еді,

қаны кеуіп сорлады,

жөн болар ма бұдан
гөрі

өз қанымды сорғаны...