ВЕРНУТЬСЯ

           Қоңыр күз
келіп,

 қара ағаш налып,

 жапырағы жұтап, жалаңаштанып,

 будақ та будақ
бұрқырап бұлттар,

жаңбыр мен  қары аралас тамып,

үйерлеп
өлген жабағы тайдай,

жұрқанып жатыр қала жастанып,

шықарға шыға бүрсеңдеп, босқан,

біріне
бірі қарамас халық,

қанша күн болды,

қаншама ғасыр

аспан да, мен де қабақ ашпадық?

Көк пенен жердей,

есік пен төрдей,

біздер де бөтен бола бастадық,

сезімді қадір тұтпайтын дәуір

келе жатқандай жаңа басталып!

Уакытты

kiм жаратты

Уақытты кім жаратты екен өтпес

сағыныштың сары өзенін көп кештік,

күтуменен өтті біздің бар өмір,

шыдамның да шегіменен беттестік,

тұлпарлардың тұяқтарын талдырып,

ғашықтарды бір-біріне жетпес қып...

біз - уақытгы, уақыт
бізді аямай

бір-біріміз етімізден ет кестік.

Уақытты кім жаратты екен мұндай ғьш?

ешкімге де енші болмас бұл байлық,

уақыт деген кімге - бақыт, кімге - cop,

кімге - ғарыш, кімге - намыс, кімге - айлық,

уақыт мені төске салып илесе,

мен уақытты тартып жүрмін сырнай ғып,

одан өтер екі жүзді көрмедім

қалыбынан кете берер күнде айнып...

уақытты кім
жаратты екен жылдам ғып?

бала кезде бұлықсыдық, бұлдандық,

жігіт шақта қызық қуып, қыз қуып,

шатақ қуып, шалқып-тасып,жындандық,

тайталаста түсіп талай итжығыс,

уақыт - бізге,
біз  уақытқа құлдандық,

қолдағының бәрі сусып уыстан,

ақырында айдалада құр қалдық.