ВЕРНУТЬСЯ

           Қоңыр күз
келді,

ұмытқан шығар шынымен өмір біздерді,

кеудемде менің ұйтқиды
қара суық жел,

құлазып
кала қарадай көңілсізденді.

Ұмытқан шығар...

Кеудеме қысып талайдан жылытқан шұбар

жыланым келіп, өзімді шағардай болды,

ол дағы өзім көрсеткен қылықтан шығар?

ұмыткан
шығар...

Бетімді осып өтеді суық тамшылар,

тұрлаусыз жаздың соңынан тұнжырап капты,

отасып опа таппасын түбі ұққан шынар.

Кіріп хал сұрар

бір пенде жоқ-ау,

бәрі де ұмытқан шығар,

ұйыққа батар жол көп қой тірлікте мына,

жол бар ма екен тал қармап тұйықтан шығар?

Жасыра алмаймын,

тағдырдан тауым шағылып жасығандаймын,

көтере алмаса қылкөпір үзіліп кетсін,

өз жүгімді алып бақиға асығардаймын!

Сыздайды да мұздайды сұм жүрегім,

Қаңылтырдай тот басқан тұнжыр өңім

Тебінгідей шіріген төзімім-ай,

Тепсе үзілмес сен де бір шынжыр едің.

Қыста оянған аюдай халім мынау,

Сең соққандай сенделдім, сабылдым.ау,

Көкірегім көк сүңгі, жаным ^^

Сандалтардай тағдырға нағылдым-ау,

Жасырамын жанымның ауруын,

Запыранын сапырар зары, мұңым.

Ертегіден ұшып
кеп, әкет мені,

Қауырсынын күн
шалған самұрығым.

Түрі өзгерді тірліктің мүлде, кенет,

Тығылғаңдай халдемін түрмеге кеп.

Жүрегімді қарайтын қолыма алып,

Дімкөс
жүрек дежәт бұғағы

Кімге керек?..

Сезім өлді,

бойымда бір от
сөніп,

Ешкім көңіл
айтпады тірек болып.

Таба алмадым тал
түсте жарық күнді

Іші-сыртым
қараңғы,

түнек толып.

Сенім өлді,

аийырылдым бар
асылдан,

Табылмады тағы да
жанашыр жан.

Жарау аттай едім
ғой таң асырған,

Түрім құрсын
белдеуде аласұрған...

Көңіліне қобалжу,

күдік еніп,

Бара жатыр зымырап ғұмыр-елік.

Елмен емес,

сырласам желмен ғана,

Қылы үзілген қобыздай күңіреніп.