ВЕРНУТЬСЯ

            Ұясынан
ұшқанда

 Қайта оралмас құс бар ма?

Әттең, дәурен - құс емес,

Тамсандырған түс-елес,

Қайта оралтар күш қайда?

Тасып өзен тіл қатар,

Тас лақтырсаң шым батар.

Тасқын су ғой - бұл өмір,

Батпас үшін жүзе біл, -

Тірлік заңы тым қатал.

Құгылмайсың
қашып түк,

Құшағыңды
ашып, күт:

Қайта көрген түстей боп,

Қайта келген құстай
боп,

Қайта оралар ғашықтық!..