ВЕРНУТЬСЯ

          Біздің
елде тап жоқ депті тарихым,

жүрек содан жақсылыққа жоритын,

 сол тарихты жатқа
білер бір сабаз

асырап жүр күншілдіктің қара итін.

Жар құлағы жастық көрмей иті үшін,

түнде бұзар талайлардың ұйқысын,

пысықтардың піскен дәнін көре алмай

өбектейді өзіндегі шикісін.

Тап керек пе?

Іздеме оны алыстан:

тұғыр озар тұлпарлармен жарысқан,

бұл заманда итке керуен үреді,

ешбір еркек өлер емес намыстан.

Тап керек пе?

Іздеме оны алыстан:

Тас кене мен аш кенелер табысқан.

Бір қанденге сәлем беріп шықсам деп

кезек күтіп отыр міне арыстан...