ВЕРНУТЬСЯ

          Қабырғам
қақырайды қасіреттен...

қан жұтып қайғы
жұтып ғасыр өткен.

кұдай-ау,

қай дәуірде,

қай заманда

қазақтың көздерінің жасы кепкен?

Қыр бар ма қазақ тәні көмілмеген,

ой бар ма қазақ қаны төгілмеген?

қашаннан құрбандыққа лайық халық

қайғысыз қара суға семірмеген.

Қырылса қара орманым қынадайын,

қалайша жоқтамайын,

сұрамайын?

құрыған аштықтан да, қастықтан да,

қайда сол қыршындардың құны, ағайын?

Тереңге тамырларын жайған шынар,

балтадан көз ашпаса қайдан шыдар?

қара жер

қанша жебір болса- дағы,

қазақтың сүйегіне тойған шығар?!.