ВЕРНУТЬСЯ

           Сәуірде
сулар сәл неге

Сықырлап, сеңі бөлінсе,

Айтпақшы болып әлде не,

Тырысқаны ғой өзінше,

Айта алмай, бірақ тынғаны-ай,

Кеттік-ау біз де тыңдамай, -

Асығыспыз!

Қауызын жарған қызғалдақ,

Шуаққа шомып түрлене,

Сыбырлап қана бізге арнап,

Айтпақшы
болар бірдеңе,

Алайда сасып, тызақтап,

Кетеміз гүлден
біз аттап, -

Асығыспыз!

Өзіміз алған жоғалтып,

Ескі дос келіп тағы да,

Ескі достыққа қол артып

Жасаса жаңа базына,

Тыңдамаймыз біз оны да,

Құлақ аспаймыз назына,

Асығыспыз!

Асығыспыз,

Асығыспыз!

Аңсаған асыл арманға,

Қолымыз жетпей қалғанда,

Құса боп оған не етеміз,

Ұмытып тез-ақ кетеміз,

Уақыттың өзі «сөйт» деді,

Асығыспыз ғой өйткені.

 Бұл өзі неткен күн еді

Көремін ылғи
түсімде,

Құлынын ерткен
биені

Жайқалған шалғын ішінде

Кісінеп бие жай ғана,

Құлынға қарай ойысар.

Шапқылап құлын айнала,

Желінге келе жабысар.

Оянып сосын жүремін,

Кызғаныш бойға толғандай,

Өзімнен басқа біреудің

Бағына куә болғандай.