ВЕРНУТЬСЯ

            Өткен
күнде белгі бар:

 шапқан жерін ор қылар

 таңдайыңды cop қылар,

самайыңды бор қылар,

маңдайыңа тор құрар;

Өткен күнде белгі бар:

жүрегіңді тоңдырар,

сабағыңды солдырар,

жігеріңді құм
қылар,

қайратыңды қор қылар

Өткен күнде белгі бар:

ойлай берсең тер жуар,

жігіт болсаң жөнің жоқ

көз жасыңды көл қылар

Өткен күнде белгі бар

келді кезің бел буар...