ВЕРНУТЬСЯ

Жын шақыру

Келші  бүгін,  жасқанбай 
келші  бүгін,
Көңіліңнің  ұмытып  кемші 
күнін.
Сырқатыңнан 
емдейтін  бір-ақ  түнде
Бар  екенін  білесің 
емшілігім.
Келші  бүгін,  қалайда 
келші  бүгін,
Болар  саған  ұнамас 
кемшілігім.
Еңсемізді  еркін  бір  көтерейік
Тағдыр  бізге  қимаса 
кеңшілігін.
Келші  бүгін,
болмаспыз  күнде  серік,
Қоштасқандай 
таусылып  тілдеселік.
Өзімізді  өзіміз  жұбатпасақ,

Төңіректі тұрғандай бір зіл басып

Төңіректі  тұрғандай  бір 
зіл  басып,
Отырсың  сен  жалғыздықпен 
мұңдасып.
Жәудіреген  жанарыңды  түн 
торып,
Үміттер  мен  күдіктерің 
жымдасып.
Дәурен  қайда  жүретұғын 
сән  құрып?
Дәурен  қайда  тұратұғын 
таң  күліп?
Ұзақ  жылдар  мұң  жұтып  та 
шыдарсың,
Бірақ  шыдау  мүмкін 
емес  мәңгілік.
Тоқтамдардың  таңдап  тауып 
бекемін,
Толтыр  босқа  өткен 
күндер  өтемін!

Ақырғы сәт

Шағын  ғана  ауылда 
Шаған  атты
Күрсіндіріп  ет-бауыр  жамағатты,
Тоқсан  бірге  қараған 
мезгілінде
Бір  сыйлы  адам  көз  жұмып 
бара  жатты.
Жарлы  емес-ақ  жарықтық 
ағайынға,
Отыр  қоршап  бәрі 
де  маңайында.
Қайратты  еді,
дерт  жеңіп  барады 
тек
Кәрияның  бір  ақ  жоқ  самайында.
Болған  аулақ  ың-шыңнан 
биік  кісің
Сағынды  ма  сүйріктей 
сүйіктісін,
Бәйбішесін  алпыс  жыл 

Ырым

Үйден  де  шықпап 
едім  ұзап  бүгін,
(Күйбеңмен  көрмейміз  ғой 
біз-ақ  тыным!)
Жүрегім  жалғыздықтан  жалықты 
ма,
Кеудеме  сыймай  қойды  ұзақты  күн.
Отырсам  серги  алмай  өзім  жартып,
Осы  сәт  демеген 
бір  сөзің  де 
артық,
Айта  ғой,  не  ырымға  бастайды 
бұл,
Тұр  қазір  қуанатын 
көзім  тартып...
 

Бір қателік тапты ма екен құрбаның?

Бір  қателік
 
тапты  ма  екен  құрбаның? 
Кімге  қажет  аз  күн  сайран 
құрғаны?
Сергек  әлем  бүгін 
неге  сенбейді?
Көрмей  ме  жұрт
қыздың  жылап  тұрғанын?
Осы  жерге  сүйреп 
жеткен  құр  жанын
Көрмей  ме  жұрт
қыздың  жылап  тұрғанын?
Дүниенің  мұнша  қатал 
екенін
Кештеу  білді  нұрға 
лайық  Нұрғаным.
Білді-дағы, 
кідіріп  сәл  ойланды,
Өткендер  мен  кеткендерді 
ойға  алды.

Страницы