ВЕРНУТЬСЯ

Қызғаныш

Кенет  мені  таңданта... 
өкіндіріп,
Ағат  шыққан  сөзімнің 
бетін  бұрып,
Қоштаса  алмай  тұрсың 
сен  бүгін  қалай
Күнде  ертеңін  бас 
изеп  кетіп  жүріп?
Шынында  да,
мен  үшін  тың 
сыр  мұның
Өзің  тартып  ең 
ауыр  тылсым  жүгін.
Тәубасына  бір  келген 
Магдалина
Сияқты  сен  таңдантып 
тұрсың  бүгін.
Үндемейсің,
барасың  жеңіп  тіпті,
Менің  де  бар  төзімім  кеміп 
бітті.

Ел боп оны өшірді, өсектеді

Ел  боп  оны  өшірді,  өсектеді,
Өсектеді -
өлтіре  кесектеді.
Түзде  қалған  жаралы 
құс  секілді
Жалғызбасты  әйел  де...
төсектегі.
Оққа  байлап  тұрғанда 
арсыз  адам
Қалай  ғана  шыбындай 
жан  шыдаған?
Жалғызбасты  әйел  де
ен  далада
жаралы  құс  секілді
қансыраған.
Майдан  салып  асыққан 
сезімменен,
Ұзақ  түндер  ұйқысыз - көз 
ілмеген...

Тек ғашықтар үшін

1.
Бұл  жолдар  жазылмас 
еді  ғой,
Тоты  құс,  қолыма 
қонбасаң.
Бұл  жолдар  жазылмас 
еді  ғой
Сен  анық  ақылды 
болмасаң.
Мен  мұнша  сайрай 
да  алмас  ем
Тәкаппар  шырқауға  қонбасаң.
Мен  мұнша  сайрай 
да  алмас  ем
Сен  анық  сүйікті 
болмасаң.
2.
Төрт  жылда  көп  өттім  көшеңмен,
Алаңсыз  сен  сайран 
құрушы  ең.
Әзілдеп: «Қарындас!» десем 
мен,

Страницы