ВЕРНУТЬСЯ

Әңгіме емес мынау, сірә, бітетін

- Әңгіме   емес  мынау, 
сірә,  бітетін.
Жүйкені  де  шығар 
жүндей  түтетін.
Үй  құлап  тұр,
қайдан  орын  табасың
Қора  толы  құдаларды 
күтетін?
Бозөкпе  еді  бұрын  әйел  сүймеген,
Күңк  етті  ол:
-Бәрібір  мен  үйленем.
-Іркітің  жоқ  ит 
басына  төгетін,
Бетің  де  жоқ  көршілерді  көретін.
Қатын  түгіл,
қазір  өле  кетсем 
мен,
Көк  тиының  жоқ 
мені  де  көметін.

-Тілдесе алмай кетіп ек жасымызда

-Тілдесе   алмай  кетіп 
ек  жасымызда
Айтылмаған  сыр  қалса, 
ашыңыз  да!
Асықпаймын  мен  енді,
Кешіріңіз...
Тізе  бүксем  қайтеді 
қасыңызға?
- Уәдемізді   өтесек  тілекшілік,
Назымыз  да  жатпай 
ма  түлеп  шығып!..
Рұқсат  сұрау  артық  қой
бейтанысқа
Тұңғыш  келген  қонақтай 
жүрексініп.
- Тиіс едік  бір  сыннан 
біз  өтуге,
Естеліктер  оны  әлі  күзетуде.
Алдымызда  сан  асу  тұрған  шығар,

Мен сырқатпын

Аралап  жүргенде  алыс-жақынды 
біз
Көп  жерде  құстан 
бетер  сақындымыз, -
Өзімізге  айтар  ақыл 
таппай,  бірақ
Өзгеге  тұнып  тұрған 
ақылдымыз.
Сезімді  саралауға  керім-ақ 
біз
Бір  жайға  Пайғамбардай 
сеніп  аппыз, -
Сағынсақ  өзіміз  сәл,  өрт  боламыз,
Өзгенің  сағынышына  берік-ақпыз.
Уақытты  жойып  жүрген 
өндіре  біз
Талайды  бір  дәлелге 
сендіреміз, -
Өзіміз  бір  күн  күтсек,  жылдай 

Алғашқы кездесу

Қош  келдің,
Өзіңдікі  төрім  бүгін,
Ақ  ниет,  алау  жүрек
- көрімдігім.
Сенімен  шаңқай  түсте 
жұлдыз  санап,
Сенімен  түн  көгінен 
көрінді  Күн.
Өзіңді  талай  жылдан 
білемін  мен, -
Арман  ең  ұшып 
шыққан  жүрегімнен.
«Еліне  құс  та  қайтып  бір  соғады»
Деген  сол  үмітпенен 
жүремін  мен.
Қанша  жыл   содан  
бері  күткеніме!..
Кешіктің.
Жол  азабы  бітпеді 
ме?

Беу, бойжеткен

Беу,  бойжеткен,
бұртыңдауды  қой  маған!
Не  болыпты?
«Қасқыр  да  тоқ,  қой  да 
аман».
Біз  екеуміз  қыз 
бен  жігіт  емеспіз,
Сәбилерміз  соқыртеке  ойнаған.
Сен - тотықұс,
мен - дәли  мен  бәлимін,
Бір-бір  «көке» -
базары   мен  сәні  үйдің.
Сүйісуді, 
тиісуді  білмейді,
Өзге  ойыннан  хабары 
жоқ  сәбидің.
Шам  сөндірсек,
тәуекелің  тұра  ма?
Бағыт  таппай  қараңғыда 
құлама!

Страницы