ВЕРНУТЬСЯ

-Тілдесе   алмай  кетіп 
ек  жасымызда
Айтылмаған  сыр  қалса, 
ашыңыз  да!
Асықпаймын  мен  енді,
Кешіріңіз...
Тізе  бүксем  қайтеді 
қасыңызға?
- Уәдемізді   өтесек  тілекшілік,
Назымыз  да  жатпай 
ма  түлеп  шығып!..
Рұқсат  сұрау  артық  қой
бейтанысқа
Тұңғыш  келген  қонақтай 
жүрексініп.
- Тиіс едік  бір  сыннан 
біз  өтуге,
Естеліктер  оны  әлі  күзетуде.
Алдымызда  сан  асу  тұрған  шығар,
Болмас  па  еді  қатені  түзетуге?
- Қашасың   ба,
белдерден  асасың  ба?
Бас  сауғалап,  бетіңді 
басасың  ба?
Аман  қалу  бәрібір 
мүмкін  емес
Зулап  ұшқан  уақыттың 
тасасында.
- Білем,  білем...
шөлім  бар  қанбас 
менің.
Бақ  жұлдыз  да 
жолымда  жанбас  тегін.
Біз  Ұялы  құмында 
кездессек  қой,
Мүмкін  сені  жоғалтып 
алмас  та  едім.
- Керек   емес  кемсіткен 
бекер  сынау,
Қиындыққа  қажет-ті  бекем 
шыдау!
Бәрін,
бәрін  ақыры  ұққан 
болсаң,
...Қартая  да  қоймаған 
екенсің-ау!