ВЕРНУТЬСЯ

 
   «Ойын  болса  шығатын 
бір  көңілден, 
Нар тәуекел!
Сесті  болмас  өлімнен.
Кім  есептеп  жатыр 
дейсің,  ойбай-ау,
Қопаштардың  ащы  терін 
төгілген!»
Дем  алдым  да,
бастап  кеттім  бір 
істі.
Данышпан-ау 
ойлап  тапқан  с... ті.
Көп  өткен жоқ,
сылың  қаққан  сыңарым
Делбені  өзі  ап, 
ат  айдауға  кірісті.
Кеш  те  түсті,
таң  да  атты,
Күн  шығып,
Пырағымыз 
кісінеді  тұншығып.
Торы  бие  түпке 
жеккен  алқынды,
Аңырады  азбан  пері  құлшынып.
Күн  де  батты,
түн  де  түсті,
таң  атып,
Салған  едік  қос  тұлпарды  жаратып.
Келеді  ағып  бекеттерді 
санатып,
Бекеттегі 
байталдарды  қаратып.
Таң  да  атты,
Күн  де  шықты,
түн  жапты.
Шеше  алмадық  бәрібір 
бір  жұмбақты.
Айырмадық  қымбатынан  арзанды,
Айырмадық 
арзанынан  қымбатты.
Демеу  болып  көңілдердің 
пәктігі,
(Түсіне  ме  бізден 
басқа  жат  мұны?)
Айырмадық  тәттісінен  ащыны,
Ащысынан  айырмадық  тәттіні.
Жарайды,  біз  тарықпаған 
болайық!
Тірі  жанға  құмарлықтан 
жоқ  айып.
Сонда  да  біз  жүдемедік  аштықтан,
Сонда  да  біз 
семірмедік  тоғайып.
Тылсым  тірлік  кетті 
ме  екен  құнығып,
Жөн-жосығын 
жатыр  дейсің  кім  ұғып!
Бәрібір  біз  құламадық 
талықсып,
Бәрібір  біз  тұрған 
жоқпыз  тынығып...
Күміс  бұлақ  біткен 
кезде  суалып,
Қос  пырақты  күймесінен 
туарып,
«Уһ!»  дедік  біз
азсынғандай  өкініп,
«Уһ!»  дедік  біз
көпсінгендей  қуанып.
Кім  біліпті,  аңсау 
ма,  әлде  арман 
ба?
Содан  бері  өкпеміз 
жоқ  жалғанға.
Ақыры  бір  тұңғиықтан 
ояндық
Түсінбейтін, 
адам  түгіл,  Аллаң 
да.
Ес  жиғасын,  отырып 
ап  жайланып,
Ойлап  көрсек  ақыл 
салып  жайға  анық,
Ұшақсыз  да,
қанат  бітіп...
шығыппыз
Күллі  әлемді  мың 
бір  рет  айналып.