ВЕРНУТЬСЯ

 
   Егілдіріп  кәріні  де, 
жасты  да, 
Қорғасындай  қайғы  бұлты 
басты  да,
Бір  Құдірет  болмаса, 
адам  айырмас
Азаматты  бердіңіз  жер 
астына.
Содан  бері  көп  өткен  жоқ, 
білеміз.
Көрінді  ме  сізге 
күн  мен  түн - егіз?
Еркек  заты  кездескенде
әл  кетіп,
Дірілдейтін 
болыпты  ғой  тізеңіз.
Пенде  едіңіз  парасатқа 
зерек-ті.
Сабыр  қалай  санаңызды 
жер  етті?
Адал  әйел  бола 
білген
сізге  енді
Адал  жесір  бола 
білу  керек-ті.
Арлы  адамдай  аз  сөйлейтін  зиятты
Шындық  кейде  аңқау 
сәби  сияқты.
Ұят  біткенді  жасырғанмен 
кереге,
Түндік  бірақ  жасырмайды 
ұятты.