ВЕРНУТЬСЯ

 
     Бір  әйел  кез 
кеп  алдымнан, 
Тілдессе  сәл-пұл, -
жұт,  анық!
Ізімнен  менің  қалдырған
Жатады  өсек  тұтанып.
Біріне  таныс  қыздардың
Қарасам  тіктеп -
жұт, анық!
Соңымнан  тағы  ызғарлы
Жатады  өсек  тұтанып.
Шетінен  жүйрік  есепке,
Шетінен  білгіш  бір 
керім...
Көміліп  жатыр  өсекке
Жалғыз  да  жүрген 
күндерім.
Бас  қатып,  көзім  қарайса,
Кеудеме  мұңым  тұнды 
анық.
Бір  жайға  таңмын:
қалайша
Жүрмін  мен  кетпей 
жынданып!..
Қиюазы  шығар  атымның,
Алғандай  танып  бір 
мені.
Бұл  емес  алғаш 
ақынның
Өсекке  қалып  жүргені.
Түсінші  мені,  досым-ай,
Жан  жеген  еңбек  қақы  үшін
Алады  ақын  осылай
Даңқтың  қаламақысын.