ВЕРНУТЬСЯ

 
    Көзден  бұлбұл  ұшырып 
оңды  күнді, 
Тірлігімнің  қабағы  болды 
мұңды.
Көрдім  әйел  затынан 
өмір бақи
Құдайымнан  көрмеген  қорлығымды.
Танысы  бар,
бар  естіп,
білгендері,
«Арманым!»  деп  бар  тағы  жүргендері...
Бәрі  бірдей  солардың 
жақсылығын
«Түзетуден» 
бастайды  бірден  мені.
«Түзетеді»...
білмеген-білгенімді,
Сөйлегенім,  жымиған,  күлгенімді,
Ойлағаным, 
сезгенім,  түйгенімді,
Кейде  тіпті  үстіме 
кигенімді...
«Түзетеді» -
Жүр  мейлің,  тоқта 
мейлің,
Сол  үшін  сан 
ыза  мен  отқа  күйдім.
Солардың  тек  «түзеуден» 
басқа  мені
Бұл  тірлікте  шаруасы 
жоқ  па  деймін.
Дәлелдейді  жалықпай  зеректігін,
Әр  істе  де 
танытып  ерек  білім.
«Үйретеді»  әйелді  қалай 
таңдап,
Ұнау  менен  құлаудың 
керектігін.
Мезі  қып  сол  «түзеулер»  асқан 
дана,
Мекен  қалмай  жерде 
де,  аспанда  да,
«Әйелі  жоқ  бір 
жерге  кетсем!»  дейсің,
Бірақ  қайда  барасың 
қашқанда  да?
Мұндай  ыза  ойда 
жай  жатады  ма?
Бәрінен  сол  жаныңа 
батады  да.
Төзіп  келем  «ақылына» 
да  әйелдердің
Табиғаттың  төзгендей  апатына.