ВЕРНУТЬСЯ

 
    Ән-жырын аңсап думан, сайранды елдің 
Мүмкін, сен ару Күн мен Айдан келдің.
Ең қымбат тұмарындай майдангердің
Жоғалмай, балдызым-ау, қайдан келдің?
Қайырмасы:
Есебі шықпайды ойдың,
Себебін ұқпай қойдым.
Кім білсін неге екенін
Әйтеуір соңғы кезде
Әйтеуір соңғы кезде
Түсімнен шықпай қойдың.
Бір ыстық жалын атса дүркін менен,
Ол менің гүл сезімім іркілмеген.
Кей-кейде көңіл хошым болмаса егер
Емдеуші ең сыңғырлаған күлкіңменен.
Қайырмасы:
Тірлікте шолақ жеңдей келте мынау
Талайды жанарыңмен өртедің-ау.
Қалайша өзге жанға қиям сені,
Апаңнан аумай туған тентегім-ау!
Қайырмасы: