ВЕРНУТЬСЯ

 
     1. 
 
     Әрі  бақыт,  әрі  мұң
Күн  артынан  күн  өтіп,  жоса 
берер   сияқты.
Сосын,  сосын  бәрінің
Қуанышы,  қайғысы  қоса 
келер  сияқты...
Мен  бір  ғажап 
күйдемін
Құдайың  да  қолымнан 
ұстамайтын  сияқты.
Ал  өзіңді  сүйгенім
Өзгелерге  тіпті  де  ұқсамайтын  сияқты.
Иә,  менің  сүйгенім
Тозған  жанның  бір  көрген  қуанышы 
сияқты.
Менің  сені  сүйгенім
Қу  кедейдің  жоққа 
да  жұбанышы  сияқты.
Менің  сені  сүйгенім
Күлмесханның, 
апыр-ай,  күлімдеуі  сияқты.
Менің  сені  сүйгенім
Бойжеткеннің  бақыттан  дірілдеуі 
сияқты.
Менің  сені  сүйгенім
Есер  жанның  (өлім-ай!) 
салған  дауы  сияқты.
Менің  сені  сүйгенім
Дәрменсіздің  Ай,  Күнді 
армандауы  сияқты.
Менің  сені  сүйгенім
Жолаушының 
елсізде  торыққаны  сияқты,
Сосын  күміс  бұлаққа 
жолыққаны  сияқты.
Ең  ақыры,  дүние-ай,
Менің  сені  сүйгенім
Кәрілік  кіре  бастаған
Әйелдердің 
айнадан  қорыққаны  сияқты.
2.
Сенің  көзің -
Ашық  күнгі  аспан  ғой
Төңкеріліп  төбемнен  бір  қарайтын,
Көңілімнің 
кем-кетігін  көк  бояумен 
жамайтын.
Сенің  көзің -
Паң  жұлдыздар  қыдырған,
Таңнан  бетер  арай  түн,
Тұнығына  таң  қызығып 
қарайтын.
Сенің  көзің -
Байсалды  бір  дария
Шапағаты  шартарапқа  тарайтын,
Шапағаты  құлағанға  шартарап 
боп  қарайтын.
Сенің  көзің -
Жер  мен  көктің 
арасы,
Жер  мен  көктің  
бар  ажарын  жанарына 
қамайтын.
Сенің  көзің -
Сарқылмайтын  бір  өмір,
Тек  осы  өмір 
маған  бүгін  бір  үкімін  жазады -
Әлде  жанның  қуанышы, 
әлде  сезім  азабы...
Сенің   көзің - бүгін  менің 
тағдырым
Рахымға  қарық  қылар,
Оқыр  әлде  небір 
ауыр  жазаны.
...Мен  осының  екеуін 
де  күтіп  жүрмін, ғажабы.
3.
Кел,  қара  көз,  көк  торғын 
көл  болып  кел,
Не  тоғанды  толтырар 
сел  болып  кел.
Самал  боп  кел, -
Әйтеуір  келмей  қалма,
Аңқамды  әбден  қатырған 
шөл  болып  кел!
Аяз  боп  кел, - жүрейік  тоңсақ, 
тоңып,
Гүл  болып  кел - кеудеге 
қонсақ,  қонып...
Кел  әйтпесе  еркектің 
кірпігінен
Секіріп  түсер  мөлдір 
бір  моншақ  болып.
Келмей  қалма,
Кел  қымбат  жамағат 
боп.
Пәк  жанымда  жасқантар 
жаманат  жоқ!
Періштенің 
отындай  кел,  қара  көз,
Бұл  тірлікте  бір  көрер  қанағат 
боп.
Сапарың - оң,
Көгіңде  күй  тұр 
толып.
Сапарың - оң,
Көңілде  сый  тұр - жолық!..
Келші  әйтпесе  мен  көрер  бар  қызықтың
Бетіне  бір  түкірер 
сиқыр  болып.
4.
Сенің  алма  мойының -
Дала  аруы  аққайың
Тәкаппар  қарап,  құба 
белде  тұратын,
Мойынын  да  сұлулықты 
паш  етуге  бұратын...
Сенің  алма  мойының -
Жас  еліктің  мойыны
Ең  қастерлеп  қорғап 
жүрген  қорғасыннан  бір 
атым
Қашан  ақыр  ажал  оғы  жібергенше 
құлатып.
Сенің  алма  мойының -
Тал  мойыны  аққудың
Киелі  құстың  киесі 
болған  жарықтық...
Бұл  табиғат  одан  өзге  кімді  қойған  қарық  қып?!
Сенің  алма  мойының -
Бар  талғамның  тәңірі
Талғамы  бардың  жүретін 
қысқа  өмірін  жарық  қып.
Сенің  алма  мойының -
Ғасырларға  ескерткіш
Дірілдеген  сан  қылқалам 
келелі.
Мың  мысалға  жүгінсек 
те,
Шындықты  айтып  береді...
Шындықты  айтып  келеді -
Тициан  мен  Леонардо 
да  Винчилер  оянса,
«Сұлуларды  бір  өзіңнен 
көшіргенбіз»  дер  еді.
5.
Қуаныш  келіп  тұрсын 
із  құрғатпай,
Жүрейік  көкірекке  ызғар 
батпай.
Сен  маған  қымбатсың 
тым...
Аңсатып  көктем  шыға
Ізетпен  бой  түзеген 
қызғалдақтай.
Қиратар  пәс  көңілдің 
мұз  қамалын
Күлкіңді  мен  өзгеден 
қызғанамын.
Сен  маған  қымбатсың 
тым...
Жүректе  дірілдеген
Алғашқы  сезіміндей 
қыз  баланың.
Армансыз  қыс,  не  көктем,  жаз  өтпеді.
Арман  да  мұншама 
ауыр  азап  па 
еді?!
Сен  маған  қымбатсың 
тым...
Ақынның  ең  алғашқы 
жарық  көрген
Сегіз  жол  өлеңіндей 
газеттегі.
Бұйыққан  бос  қиялға 
жар  тіретпей,
Армандар  сан  асудан 
шалқып  өткей!
Сол  үшін  қымбатсың 
сен...
Атақты  Модильяни
Сатуға  қимаған  бір 
портреттей.
Осылай 
кеудемізге  секірді  нұр,
Сен  де  енді  ғажап  күнге 
бетіңді  бұр!
Ал  маған  қымбатсың 
сен...
Алыстан  аңсап  жеткен
Адамға  атамекен  секілді 
бір.
6.
О,  ғажап!
Арқа  белден  өткендей 
сағым  жүріп,
Қойды  мені  көкжиек 
табындырып.
Отырғаным  ертеңнен  Күн 
батқанша
Бір  ғажайып  қиялға 
жаным  жібіп.
Мүмкін,  мүмкін,  тұр 
менің  бағым  жүріп,
Сол  сағымды  алам 
тез  бағындырып.
Сонда  сенің  бейнеңді 
әкеледі  ол
Ақша  бұлттан  мың  алқа  тағындырып.
Табысқан  бір  арман-ды 
сағындырып.
Кербез  самал  бермес 
пе  шаңымды  үріп?
Сонда  сенің  бір  сәттік  елесіңе
Жүрер  еді  сан 
жылдар  жаным  күліп.
Өкінбеймін,
Көндім  осы  азаптың 
барын  біліп.
Тұтатқандай  бір  маздақ 
жалынды  үріп,
Аттанам  мен  қиналып,
Қинап  сені...
Оралуым  үшін  де  сағындырып.
7.
Пианино  күрсініп,
Тек  өзіңе  мүмкін 
ол  бір  қымбат 
сыр  айтады.
Көздің  жасын  бір  сығып,
Көңілдердің  мүмкін  ол 
бір  тұнығын  шайқады.
Мүмкін,  мүмкін...
Мүмкін  ол...
Қалыпты  ғой  кәусар 
судай  мөлдір, тұнық  таң 
атып,
Етегіне  алтын  буын 
жалатып.
Иә,  сәт!
Аттанып  мен  кетейін,
Менің  шөлім,  құмарым 
жол  үстінде  қанады.
Мені  жолға  шақырып 
тұр  таң,  әні...
Иә,  сәт!
Шығарып  сал  сен 
мені
Түркістанның  төбемнен  алаулаған 
Күні  боп.
Шығарып  сал  сен 
мені
Саусағыңнан  төгілген  мол  сәуленің  үні 
боп.
Шығарып  сал  сен 
мені
Мойынға  сап  өсірген 
ержігіттің  елі  боп.
Шығарып  сал  сен 
мені
Тоқсан  тарау  жолымның 
тоғысатын  жері  боп.
Шығарып  сал  сен 
мені
Сағыныштан  төгілген  сарала 
алтын  күз  болып.
Не  жолшыны  елсізден 
құтқарар  бір  із 
болып.
Сен  жоқ  жерде 
ақыры  мен  өлуді 
білмейін
Шығарып  сал
... жай  ғана  қара 
торы  қыз  болып.
8.
Алдияр  арманым  едің 
сен
Ақырғы  демім  біткенше.
Жұртыңды  тастап,  жол  шығуға  ерінсең,
Өзім-ақ  жетем,  күт 
менше!
Көңілің  тасып,  мерейің 
асып  жүрсең  сен,
Күт  мені
Құт  дарыған  сол  қымбат  мекеніңнен.
Қамығуды  ұмытып,  қажыған 
жанға  күлсең  сен,
Қуаныш  іздеп  өзіңнен,
Сол  сәтте-ақ  жетемін 
мен.
Жалғыздық  жалықтырып,
Жарты  көңіл  болып 
жүрсең  сен, -
Сен  де  алтын 
тұяғы  едің  бір 
атаның! -
Сынауға  тұрар  сұңқарым 
деп  білсең  сен,
Өзім  жетіп  жұбатамын.
Өзгеріс  жоқ  менде, -
Шырқауға  ұмтылған  баяғы  әнмін.
Қимаймын  деп  торын 
да  жаяды  әркім...
Мен  саған  ілесе 
алмай  қалғанда
Өзімді  емес,  күнім,
Сорғалаған  әніңді  аяғанмын,
Бекер  болған!..
Қайсымызға  жұбаныш  болып 
жарытсын
Осы  бір  сен 
де,  мен  де 
жиренген  сөз!
Бірақ  күдер  үзбейді 
екен,
Өзіңді  іздейді  екен
 
Өлең  іздеп  о 
баста  үйренген  көз.
Күт  мені!
Көңілің  суып,  күдерің 
үзіліп  қалмаса,
Маңайың  мұнартып,  қараудан 
көзің  талмаса,
Кешегі  селт  еткен 
жүрек
Бүгін  сенімінен,  сертінен 
әбден  таймаса...
Бәрібір  күт,
Күн  деме,  түн 
деме,
Ешкімнен  сұрама,  ешкімге 
біл  деме,
Ешкімге  шағынба,  ешкімді 
тілдеме,
Ешкімге  қызықпа,  ешкімді 
күндеме.
Тек  қана  күте 
бер,
Тек  қана  күте 
біл!
Күн  деме,  түн 
деме!..
Әлі  алыста,  әлі 
алда  біз  ақыры 
шығар  шың,
Әлі  алыста,  әлі 
алда  бізді  ақыры 
сынар  сын.
Ал  мынау  хатты -
Үкімі  кесілген  адамның
Ең  соңғы  өтініші 
деп  ұғарсың.
9.
О,  қара  көз, 
дауысташы!
Мен  шөлдеген  бақыттың  
үні  болсаң.
Төзімді  тауыспашы!
Мен  табынған  тәңірдің 
күні  болсаң.
Құс  қанаты  талған 
жердің  өзінен
мен  сені  іздеп 
табам
Әйтеуір  тірі  болсам.
О,  қара  көз,  күлімдеші!
Мен  сауығар  даланың 
гүлі  болсаң.
Жаһанда  сүрінбеші!
Екі  иығымдағы  қос 
періштенің  бірі  болсаң.
Құлан  құлаған  жердің 
өзінен-ақ
мен  сені  іздеп 
табам
Әйтеуір  тірі  болсам.
Көздің  жауын  бастап 
бар!
Қыз  қылықты  бұлақтай 
шыны  болсаң.
Шынарым,  асқақ  бол!
Шыңға  шыққан  шыршадай 
ірі  болсаң.
Мен  сонда  үміт  жүрек  үзіліп 
түссе  де,
бір  сені  іздеп 
табам
Әйтеуір  тірі  болсам.
Ал  тіршіліктің  ақыры -
Қуанышы  жоғалса,  мұңы  қалып,
Ақ  көңілдің  бақылы -
Көлеңкеде 
жатпаймын  тыным  алып,
О  дүниені  аяқтан 
тік  тұрғызып,
мен  сені  іздеп 
табам
Көзім  жұмылған  күні 
де  анық.
1968 ж.