ВЕРНУТЬСЯ

 
     Ақ  жүректі,  ақ  көңілді  ашып 
бар 
Кәріге  де,  жасқа 
да,
Той  өткізді  саяжайда 
ғашықтар
Ұқсамайтын  басқаға.
Қандай  сұлу  қызыл-жасыл 
кесте  өмір
Айтуға  сөз  жетпеген!
Мұндай  жерде
мұндай  думан  еш 
те  бір
Бұрын-соңды  өтпеген.
Ән  еркелеп,  күй 
назданып,  жыр  есіп,
Гүл  өрнектеп  маңайын,
Ұлағатты,  ұзақ  өмір 
тілесіп,
Шақ  тарасты  ағайын.
Күміс  бұлақ  желдей 
ұшып... бұлаққа,
Сосын  көкке  бір  шығып,
Жалғыз  қалды  өрттей 
мынау  жұмақта
Ғашықтар  мен  тіршілік.
Тіл  ұшында  жусап 
тұрды  көңілді  үн,
Белдеуде  гүл  мүлгіді.
Бүгін  мұнда  бастауы 
жоқ  өмірдің
Соңы  да  жоқ  бұл  күні.
Мұнда  бүгін  жол  түспейді  жұрт 
кезген!
Жақсылықты  ырым  қып,
Мұнда  бүгін  қорғап 
тілден,  сырт  көзден,
Жабылады  шымылдық.
Құлшыныстан...
биіктерге  қарманған,
Шың-құздарды 
сілкіген,
Аңыздайын  ақиқат  пен 
арманнан,
Күрсініс  пен  күлкіден.
Сан  ғасырдың  тереңінен 
алынған,
Талай  ғасыр  есіткен
Жас  құрақ  пен 
жасыл  белбеу  жалыннан,
Есік  пенен  бесіктен...
Тек  осылар -
серттей  сенім  тұрағы
Шыққан  кенет  ержетіп.
Солар ғана, 
солар  ғана  тұрады
Саяжайды  тербетіп.
Басқа  түнге  көңіл 
бүгін  сенбейді.
Қос  жанарға  қонып  ән,
Сорғаласа...
үзу  оны  келмейді
Тағдырдың  да  қолынан.