ВЕРНУТЬСЯ

 
    - Жұлқынған  жоқсың, 
Жарадың!
Жуасып  тұрды  «сайтаның».
Жол  шығып  тағы 
барамын,
Бар  ма  еді  маған  айтарың?
- Жүрмейсің 
бірге  күнде  сен.
Боларын  бұлай  білдік 
пе?
Сенер  ме  ең,  қуандым  десем
Барыңа  сенің  тірлікте?!
Бәрінен  қымбат  сол  маған.
Елеме  кенет  күрсінсем.
Бұрын-соң  менде  болмаған
Бір  сенім  сыйлап 
тұрсың  сен.
Жолға  шық  соны  түсін  де.
Жөнің  жоқ  басқа 
алаңдар!
Бір-бірін  жоғалту  үшін 
де
Табысады  екен  адамдар.