ВЕРНУТЬСЯ

 
   Әйел  даусы! 
жапа  шеккен  кәміл  үн!
Көмек  сұрап,
шақырғандай  Тәңірін.
Дүниені  дір  еткізген 
сол  дауыс
Тыныштықтың 
жіберді  үзіп  тамырын.
Мұндайда  ешкім  жатпайды 
анық  мән  сұрап,
Әр  көңілде  үркіп 
тұрды  сан  сұрақ:
«Жанталасқан  дүние
таң  атқанша
Қараңғыда
қалмас  па  екен  қансырап!»