ВЕРНУТЬСЯ

 
    Таяуда  бір  қызық 
болды  төменде, 
Қызық  болды  жанаспайтын 
өлеңге.
Қызық  болды...
мүмкін  қызық  болмас 
бұл
Осы  күнгі  еркіндеу 
қыз-желеңге.
Дедік  пе  екен 
батылдығын  байқасын:
«Көп  болғанда  бір-екі 
сөз  айтасың.
Сосын,  сосын...
дайын  тұрған  ерін 
ол,
Шөпілдетіп сүйесің 
де, қайтасың».
Деп,  шалыңды  келіншекке 
жұмсадық,
Аттанды  ол
«темір  сауыт  құрсанып».
Оралатын  мезгілі  еді  бүгіндер
Жерді  басып  аман-есен 
жүрсе  анық.
Содан  бері  хабарсызбыз «батырдан».
Құздан  құлап  кетпеді 
ме  атылған?
Не  көтеріп  әкетті 
ме  шаң-тозаң?
Сүрінді  ме  әлде 
айла-ақылдан?
Іздеп  келіп,
дала  кезіп,  тау  шығып,
Талай-талай  күңкілдерден  сау  шығып.
«Уақыт  болды  шығаратын 
иманын»
Дегендейін  отырғанбыз  таусылып.
Бір  хабары  жетті-ау 
ақыр  бір  күн 
кеп,
(Шалыс  бассаң,  шалағайға 
құрдым  көп!)
Құдай  ұрған  сылқ-сылқ 
күледі:
«О  дүниеден  телефондап 
тұрамын»  деп.