ВЕРНУТЬСЯ

 
   Туған  жердің  төлі 
емес,  кірме  болып, 
Сыйлы  орным  төрі 
емес,  ірге  болып,
Тұншықтырған  қырық  жыл 
темір-бетон
Жан  бағатын  үй 
емес,  түрме  болып,
Шаршап  біттім,
қажыдым,
налып  біттім,
Налып  біттім - қаудандай  жанып 
біттім.
Құржыңдаумен  жүргенде  қойторыдай
Жұрнағы  да  қалған 
жоқ  бәдіктіктің.
Қырық  жалғау,  сан  тұтам  үзік 
едім,
Көбесі  тоң - түспеген  жүзіне 
күн.
Сөйтіп  жүріп,  білмеймін, 
шатасам  ба -
«Бір  үй  салып 
алсам!»  деп  кіжінемін.
Осы  арманым  өзіме 
бұйырса  анық,
Таныстар  мен  достардан 
сүйінші  алып,
Қарыз  берер  табылса 
бір  мұсылман,
Саз  балшықтан  алар 
ем  бір  үй 
салып.
Білем,  білем  өз  қалтам
- биігімді
Жайдақ  қуып  өткізген 
жиі  күнді.
«Бір  үй  салып 
алсам  ғой, - деймін  бірақ, -
Сатсам  да  ең  соңғы  тіз киімімді».
Қанағатшыл  ақылдың  кемелінде
Түспес  еді  абырой-беделім  де.
Кітаптарды  бұрышқа  үйіп  қойып,
Газет  төсеп,  отырсам 
еденінде.
Болмас  та  еді  жұпыны  үйім 
менің,
Санап  қайтем  тұрмыстың 
түйіндерін!
Тұрлауы  жоқ  жиһазда 
тұрған  не  бар,
Бір  шегеге  сияды 
киімдерім.
Кірбіңім  жоқ  түс 
дейтін,  кешке  дейтін,
Әдетім  жоқ  зәмзәм 
су  дестелейтін.
Үнді  шайы  сүт  қатқан  жетіп 
жатыр,
Аз-кем  және  ет 
болса  кеспелейтін...
Осы  арманым  өзіме 
бұйырса  анық,
Таныстар  мен  достардан 
сүйінші  алып,
Темір-бетон 
басымды  жұтпай  тұрып,
Алғаным  жөн  қалай 
да  бір  үй 
салып.
Ой  жоқ  менде 
бұл  тағдыр  аяр 
деген
Үйретпеген 
тегінге,  даярменен...
Жаңа  үйімнің  ішінде, - тілегім  сол, -
Болмағай  тек... әзәзіл  әйел 
деген!