ВЕРНУТЬСЯ

 
    Хош  келдік  пе, 
балдай  тәтті  келіншек? 
Болып  алдық  сіздің 
үйге  келімсек.
Мына  әзілің  қызық 
екен...
соншама
Жолды  кесіп,  келеміз 
бе  ерінсек?
Жолды  кесіп,  келеміз 
бе  ерінсек?
Мін  ғой  бізге -
уәдемізден  шегінсек.
Сыйласаңшы  тіл  үйірген 
бір  кәмпит,
Заузадағы  балдай  тәтті 
келіншек.
Іңір  түсті...
түн де  ауды...
таң  атты...
Уақытыңды  қай  есепші 
санапты!
Тойдық  әбден  көңіліңе 
көктемдей,
Біз  қойғалы  қашан 
арақ-шарапты!
Әдемі  ұғып  әдеп 
пенен  ар  тілін,
Ертегідей  өтіп  жатыр  әр  күнің.
Сендей  ару  бұл  өмірде  бар 
ма  екен?
Әй,  жоқ  шығар...
қайдан  болсын,  жарқыным!
Сәл-пәл  күпті  көңіліміз 
түзелді.
Жүріп  кетсек,  дұрыс 
болар,  біз  енді.
Иығыңды  ақ  шәлімен 
қымтама,
Таң  самалдан  тасалама 
тізеңді!
Қыздырғандай  қыз-қырқынның  шекесін
Әзілдің  де  ұнатамын 
төтесін.
Сабыр,  сабыр!..
Сәл  шыда,  біз 
кеткесін
Жалын  сөнген  төсегіңе 
жетесің.