ВЕРНУТЬСЯ

 
    Кенет  қатты  жабылып 
бұлт  қабағы, 
Сеніміңнің  босап  сәл  тұтқалары,
Түнде  сені  жын  қуса,
сұлулардың
Бөлмесіне  қойып  кет!..
Құтқарады.
Көргіш-ақ  жұрт  біреудің 
пенде  мінін,
Күрт  көбейіп  шаттыққа 
кенде  күнің,
Қуса  сені  жалғыздық,
әттеген-ай,
Оның  емін  білмеймін 
мен  де  бүгін.