ВЕРНУТЬСЯ

 
    - Соңғы  сәт  жетіп 
именбей, 
«Сонысы  дұрыс!»  дедік 
пе? -
Оттан  бір  көйлек 
кигендей...
Қоштасып  үлгермедік  те.
- Шыным   бұл -
күмән  жоқ  менде.
Түсін  де,  тақпа 
бекер  сын!
Өкпе  айтар  сонау  өткенге
Уақытты  тапқан  екенсің.
- Білмеймін  кімде -
бар  айып,
Жасырдық  оны  бекер 
біз.
Өкініп  енді  алайық...
Үлгермей  тағы  кетерміз.
- Қойылған  жайға  бір  нүкте
Қайтесің  жасап  өкім  іс.
Өкінбей  кетем
тірлікте
Аз  болсын  деп 
бір  өкініш.