ВЕРНУТЬСЯ

 
    Сары  қыз-ау - 
бір  өрнегі  асылдың!
Неге  менен  жанарыңды 
жасырдың?
Нұр  жүзіңе  үлгеріпті 
байырқап
Даналығы
өткен  жарты  ғасырдың.
Сары  қыз-ау -
жаратылған  тұнықтан!
Еске  салдың  күндерімді 
ұмытқан.
Жасарғандай
шомылып  па  ең
су  алып
Бала  күнгі  мен 
бет  жуған  құдықтан?
Ақиқатты  майып  қылған 
бір  жын  бар,
«Жастық - елес» 
дейді  екен  кей 
мылжыңдар:
Шын  болатқа  сызат 
сала  алмайды
Дауылдатып  өтсе  де 
сан  мың  жылдар.
Мәңгі  шығар  мүмкін, 
біздің  әріміз,
Соған  сеніп,  күн 
кешеміз  бәріміз.
Билеп  басқан  сұлуларға 
қарасам,
Сен  сан  жылдан 
сығалайсың,  сары  қыз.
2.
Дәурені  өткен  мен 
алданған  елестің,
«Елес - енді  сүйенішім»  демеспін.
Болсам  бұрын  болдым 
шығар  тілекшің,
Бүгін  саған  мен 
ешкім  де  емеспін.
Дәурені  өткен  сен 
алданған  елестің,
«Елес - енді  сүйенішім»  демессің.
Болсаң  бұрын  болдың 
шығар  тілекшім,
Бүгін  маған  сен 
ешкім  де  емессің.
Ортамызда  жеңгетай  боп  гүл  жүрген
Күндер  озып  жадыратқан, 
күлдірген,
Біздің  көкшіл  көгімізді,
жылжып  кеп,
Шілтері  бұлт  басатынын 
кім  білген!
Көзімізде  шеңбер  ойнап 
сан  түсті,
Бастан  кештік  небір 
айтыс-тартысты.
Сөйтіп  Орал-Алматы  екі  араға
Мың  жылда  да  мызғымайтын  қар  түсті.
Білмегенсіп,
кемсіткендей  өткенін
Өтірік-шын  реті  жоқ  өкпенің.
Ерлік  болды
бұл  қалаға  қайтадан
Жастық  шақты  іздеп,
жаяу  жеткенің.
3.
Ол  кезде  сен 
ашылмаған  гүл  едің...
Сосын,  сосын...
сосын  гүлдей  түледің.
Ағайынның  қабыл  етіп 
батасын,
Қабыл  етіп  ауыл-елдің 
тілегін.
Көп  өткен  жоқ,
күмәнді  ойлар  жай  қалып,
Ғажайып  гүл  ақ  қанатын  жайды 
анық.
Сенбегеннің  жағы  семді 
мәңгілік,
Тілектестің  қалды  тілі 
байланып.
Білмейді  ешкім
көз  сүзгендер  көп 
пе  еді,
Сенен  гөрі  Күн  жақын-ды  көктегі.
Ақындардың  жыры  жолда 
жоғалды,
Батылдардың  сөзі  саған 
жетпеді.
Серт  етеді  жалған 
сөзге  бекіп  кім?!
Басқаға  емес,  өз 
жайыма  жетікпін.
Сол  жылдары
аңсауменен  өзіңді
Байқамай  мен
ақын  болып  кетіппін.
4.
Сәттерімде  көп  қызықтан 
түңілген
Күйректігім  байқалса  сәл  үнімнен,
Думанымды  өлшеймін  мен
өзіңмен
Бір-ақ  рет  биге 
шыққан  күніммен.
Сәттерімде  көп  қызықтан 
түңілген
Күйректігім  байқалса  сәл   үнімнен,
Сезім  отын  өлшеймін 
мен
өзіңді
Тұңғыш...
және  ең  соңғы  өпкен  күніммен.
Ешкім  бүгін  естімейді 
мұңымды,
Көңілшектеу 
бозбала  жоқ  бұрынғы.
Саған  деген  адалдықпен 
өлшеймін
Әйелге  де -
барлық  адалдығымды.