ВЕРНУТЬСЯ

 
   Сұлу  едің... 
мақтау  қиын  асырып,
(Бұл  сөзімде  жоқ  ешқандай  асылық!)
Хордың  қызы  сені  көрсе,
қорлыққа
Шыдай  алмай,
өлер  еді  асылып.
Мінезсіз  ең...
тән  еді  бір  тағылық,
Үйренді  жұрт  тағылыққа 
бағынып.
Алла  құлы - адам  түгіл,
жер  мен  көк
Тұрғандай-ды  саған  ғана  
табынып.
Ертегі  емес...
(күнтізбеге  қарама!)
Бір  ғасырда  жазылады 
жара  да.
Сен  патшалық  құрған 
сол  бір  заманнан
Мың  жыл  өтіп 
кетіпті  екі  арада.
Көшпесе  де  көзден - тұман,  бастан - мұң,
Тірі  жүрмін,
кең  ғой  асты 
аспанның.
Біліп  қой  сен:
сұлулықтан  емес,
мен
Сатраптың  езгісінен  қашқанмын.
Бұл  тірлікте  орыным 
бар  менің  де,
Намыс  туым  желбірейді 
көгімде.
«Басқа-басқа,
оң  жағымда  отырып,
Неден  кемдік  көріп 
ең  сен?»  дедің 
бе?
Арын  аттап,
етегіне  егілген
Бір  сәт  сиқыр 
сұлулыққа  сеніп  ем...
«Торда  отырып  болғанымша 
бақытты,
Бостандықта  өлейін-ақ!»  дедім 
мен.