ВЕРНУТЬСЯ

Шағын  ғана  ауылда 
Шаған  атты
Күрсіндіріп  ет-бауыр  жамағатты,
Тоқсан  бірге  қараған 
мезгілінде
Бір  сыйлы  адам  көз  жұмып 
бара  жатты.
Жарлы  емес-ақ  жарықтық 
ағайынға,
Отыр  қоршап  бәрі 
де  маңайында.
Қайратты  еді,
дерт  жеңіп  барады 
тек
Кәрияның  бір  ақ  жоқ  самайында.
Болған  аулақ  ың-шыңнан 
биік  кісің
Сағынды  ма  сүйріктей 
сүйіктісін,
Бәйбішесін  алпыс  жыл 
отасқан  бір
Шақырды  ымдап,
ең  соңғы  жиып  күшін.
Қайыспаған  тірліктің  көп  жүгіне,
Кім  білсін,  бұл  төзімнің  өксігі 
ме?
Бірақ  сөйлей  алмады,
сәл  ышқынып,
Басы  құлап  кетті  құс  көпшігіне...
Елес  болып  өтетін 
күндер  кейпін
Ешкімде  де  ниет 
жоқ  тілдер  дейтін.
Тек  сұмдық-ау
алпыс  жыл  бірге 
тұрып,
Сөз  болғаны  бір 
айтып  үлгермейтін!..