ВЕРНУТЬСЯ

 
    Беу,  менің  бедірейген 
алпыс  бесім! 
Біреу: «Бұл - еркек  үшін  тал түс!» 
десін,
Білмеймін  алпыспысың,  тал түспісің, -
Көремін  түлкіге  сап  қар  түскесін.
Сенің-ақ 
сескендірген  есебің  көп,
Тұрасың 
кес-кестеген  кеселім  боп.
Табаным  қыз  қуғанда 
таймаушы  еді,
Сүріндім
келіншекке  ілесемін  деп.
Дәурен-ай
небір  сұлу  бетті 
іздейтін,
Бетті  іздеп -
көк  аттыны  өткізбейтін!
Күні  ертең  кәрілік 
те  келер  ме 
екен
Кемсеңдеп,
кемпірлер  де  жеткізбейтін?!