ВЕРНУТЬСЯ

 
            1. 
 
            Басшы  ағамыз:
- Оңай   болсын  жол  қайдан!
Алыс  емес  ел 
енді.
Көрінді  ғой  Ақкербез 
де  шалғайдан...
Дем  алайық ! -
деген-ді.
Болды  ағаның  мұнысы 
бір  кісілік!
Сапар  соғып  тастаған
Менің  сөзін  ұқпасымды 
түсініп,
Бір  әңгіме  бастаған.
2.
Тұрмыстың  тең  тартып 
жеңіл-ауырын,
Бір  танып  жау,
досын  да,
Қатар  қонған  қазақ-орыс 
ауылы
Болған  екен  осында.
Тіршіліктің  құстай  ұшқан  қос  тіні
Сыйластыққа  жараған.
Екі  ауылдың  ғажап 
екен  достығы
Қыл  өтпеген  арадан.
Шеттеп  ешкім,  құр  қалмапты  сыйдан 
бар,
Толы  болған  тостаған.
Домбырамен  ән  шырқаса 
Ивандар,
Қазақтары  қостаған.
Бәрі  ортақ,
екен  бәрі  ерікті
Әзіл-күлкі,  ойынға.
Қойшығұлдар «Гопак» 
билеп  беріпті
Орыстардың  тойында.
Тым  сүйікті  екі 
бірдей  қауымға -
Жолдас-жора,  досқа  да
Анна  менен  Ақтау 
атты
ауылда
Болған  екен  қос 
бала.
Ұғып  әке-шеше  берген 
тәлімді,
Ән  әлдилеп,  жыр 
кешкен
Екеуі  сол  кішкентайдан 
кәдімгі
Достар  еді  бірге  өскен.
Жыл  мен  айлар 
ажар  қосып,  түлеп 
күн,
Серт  сынаған  сенім 
кеп,
Анна  кейін  ақ 
шашу,  ақ  тілектің
Түсті  еліне  келін 
боп.
Жоқ  келетін  құрмет 
тегін,  бақ  тегін
Шықпаса  мың  бата 
алдан.
Кешікпей  ол
«Анна  келін»,
«Ақ  келін»,
«Кербез  келін»  атанған.
Түсер  дерің  бар 
ма  қиын  іс 
кімге!
Тағдыр  оған  жетік-ті.
Тұңғыш  ұлы  туған 
тойдың  үстінде
Ақтау  суға  кетіпті.
Шаш  жұлдың  не,
жыладың  не,
пайда  жоқ.
Қайта  ашылып  көмген 
жер,
Не  бір  адам  түсінбейтін  айла 
боп,
Тірілмейді  өлгендер.
Анна  содан  басса 
да  зіл  мұң  қанша,
Беки  түсіп  нық  тағы,
Шаңырағын  ақ  ұстап,
көз  жұмғанша
Күйеуге  де  шықпады.
Тек  соңынан  қырқын 
беріп  ерінің
Көз  жұмған  тек 
ертерек,
Көріп  жүру  үшін  мәңгі  серігін
Егіп  еді  бір 
терек.
3.
Жазда - ыстық,
қыста  бойдан  сыз  өтіп...
Өрлікпенен  тағдыр  сыны 
шақ  келмес.
Тұр  елінде  Махаббатын 
күзетіп
Сфинкстей
Ақкербез