ВЕРНУТЬСЯ

 
    Тым  ертеде... 
көтерген  жылдар  жүгін
Жетімдіктің  жел  ғана 
тыңдар  мұңын
Заман  еді...
(Әлі  де  анық 
айтсақ,
Бұдан  талай  миллион 
жылдар  бұрын!)
Ол  мезгілде
оятар  тосып  үнді,
Көрсетпейді 
ешкім  де  тосын  үлгі.
Кейде  жүрсе,  ал 
кейде  тұрып  алар
Сағат  деген  сайтан 
жоқ  осы  күнгі.
Күндіз-түні  ұмытпай  қанағатты,
Тең  бөліскен  жақсылық-жаманатты
Екі  аяқты  пенделер
жұлдыз  бенен
Күнге  қарап,  уақытты 
шамалапты.
Қара  суық.
Көшкен  бұлт  түйдектеліп.
Айтпас  ешкім  үңгірді 
үй  деп  берік.
Аңнан  қайтқан  пенделер 
олжаларын
Тастап  жатыр  іргеге 
сүйреп  келіп.
Болса  да  бұл  бағзы  әдет  күнде  жетік,
Аз-кем  олжа  жарытсын 
кімге  жетіп!
Аңнан  қайтқан  бабамыз 
үңгіріне
От  тұтата  бастапты 
түнделетіп.
Айтпас  бұрын  сүйдік  деп,  сүймедік  деп
Наз-қылықты 
ертерек  үйреніп  пе  ек?
Кенет,  оттың  басына
әдеппенен
Бір  бойжеткен  отырды 
именіп  кеп.
Әдемі  еді,
өзі  сәл  бұйығы 
ма?
Қызық  болды-ау  тағдырдың 
сыйы  мына!
Үңгір  иесі  жердегі 
бөстекті  алып,
Жаба  берген  қонақтың 
иығына.
Келмес  еді  тек  қана  бұл 
ой  маған,
Бұлай  болар  деп, 
сірә,  кім  ойлаған!
Екі  моншақ  секіріп 
түсті  кенет
Қос  көзінен  сұлудың 
нұр  ойнаған.
Алғашқы  адам  болаттай 
берік  еді,
Сенімі  де  өзіне 
серік  еді.
Сосын  да  ол  бір  кесек 
аңның  етін
Қонағына  ұсына  беріп 
еді.
Айып  жоқ-ау  кеудеде 
жан  барында.
Тағдыр  жомарт  тілектес 
таңдарында.
Қолдар  солай  кездесіп,
екеуінің
Жүре  берді  от 
ойнап  қандарында.
Білмей-ақ  та  бір-бірін 
көптен  мейлі,
Талай  ғұмыр  із-түссіз 
өткен  дейді.
Енді  бүгін  оларға 
Күннің  де  өзі
Жақындаса,
өртеніп  кеткендей-ді.
Сонда  әйелдің  көзінде 
бір  ақ  нұрлы
Мөлт-мөлт  етіп  сырғыған 
сынап  құрлы:
«Күйеу,
сосын  әке  де 
болуға  сен
Әзірмісің?» 
деген  бір  сұрақ 
тұрды.
Бәрі  мұны  біледі 
ой  жеткеннің.
Сол  болды  да  алғаш  бір 
той  жеткен  күн,
Көнген  екен  бабамыз
шартына  да
Ана  болуға  асыққан 
бойжеткеннің...
Уф,  дүние-ай!
Небір  қат  сырға 
жетік
Сезімдерді  жол үсті  құрбан 
етіп,
Содан  бері  ілдірмес 
қиялға  да
Сан  миллион  кетіпті 
жылдар  өтіп.
Біз,  ұрпақтар,  уақытты 
асықтырып,
Сымбаттанып 
келеміз  ашық  күліп.
Жүрегінен 
махаббат  сөнбегеннің
Жүзіне  әжім  түспейді 
ғашық  қылып.
Сезім!
Сезім!
Сезімнің  сыры  мына
Кез келгеннің 
бой  жетпес  тұғыры  ма?
Махаббат - ен  бақыт  қой,
бірақ  оны
Сақтау - қасірет 
жететін  ғұмырыңа!