ВЕРНУТЬСЯ

 
  Сан  соқпақты  өмірдің 
белесінде 
Мың  сүрініп,
митыңдап  келесің  бе?!
Мынау  шалды
кешегі «А»  сыныптың
«Ақ  баласы!»  дегенге 
сенесің  бе?
Жарақаттан  сау  жер  жоқ  денесінде
Жеткен  жері  жүр  шығар  ел  есінде.
Мынау  шалды  бір 
кезде
«Институттың
Ақ  жігіті»  дегенге 
сенесің  бе?
Отырған  бұл  қос  ғасыр  кемесінде
Сен  бе,
әлде  жай  сенің 
елесің  бе?
«Сан  аруға  кешегі 
арман  болған
Азамат  ең!»  дегенге 
сенесің  бе?..
Ертегімен  енді  тек 
сені  алдаймын,
Сені  алдаймын,  білесің, 
неге  алдаймын.
Бірақ  «Кеше  сен 
сондай  болыпсың!»  деп
Мың  қайтала,
бәрібір  сене  алмаймын.
Қартаймайды 
ешкім  де  тілеп 
алып,
(Қанығасың  бұл  сөзге 
жүре  барып!)
Уақыт - сірә,  жақсы  емші,
бірақ  надан
Косметолог 
екенін  білем  анық.