Келші бүгін, жасқанбай
келші бүгін,
келші бүгін,
Көңіліңнің ұмытып кемші
күнін.
күнін.
Сырқатыңнан
емдейтін бір-ақ түнде
емдейтін бір-ақ түнде
Бар екенін білесің
емшілігім.
емшілігім.
Келші бүгін, қалайда
келші бүгін,
келші бүгін,
Болар саған ұнамас
кемшілігім.
кемшілігім.
Еңсемізді еркін бір көтерейік
Тағдыр бізге қимаса
кеңшілігін.
кеңшілігін.
Келші бүгін,
болмаспыз күнде серік,
Қоштасқандай
таусылып тілдеселік.
таусылып тілдеселік.
Өзімізді өзіміз жұбатпасақ,
Шалқаямыз
екеуміз кімге сеніп?
екеуміз кімге сеніп?
Сескенбестен, қарамай жан-жағыңа,
«Тіл тартпа!» де күзетші заржағыңа.
Құрып кетсін қылбұрау
жұмыс деген,
жұмыс деген,
Ақшасы да - атамның аржағына...
Келсең, сені бір сәтке үзіктіріп,
Сосын сенен күдерімді
үзіп тұрып,
үзіп тұрып,
Жындандырып өзіңді аламын
да,
да,
Жынданамын... көзіңді қызықтырып.
Бұл қырсықты-ай бар-жоқты
желеу еткен,
желеу еткен,
Желеу етіп, бақытты
бедеу еткен!
бедеу еткен!
Көзіне оның теріскен
шықпас та еді
шықпас та еді
Екі жынды өрсе
бір кереуеттен.
бір кереуеттен.
- 648 просмотров