ВЕРНУТЬСЯ

 
    Уақытым  жоқ  ерте 
деген,  кеш  деген, 
Еркелігің  жоқ  мен  әлі  кешпеген.
Бір  бұрылып  қарамадың 
сол  күні,
Қарасаң  да,  кетпес 
еді  ештеңең.
Қайтпай  кеттің,
қайтпасыңды  байқадым.
Жанымды  тек  қинағасын 
айтамын.
Осы  кезде:  «Енді 
сен  де  ешкімді
Аяма!»  деп,
сыбырлады  сайтаным...
Сол  сыбырмен  келген 
шығар  ақталғым.
Кенеріне  жеткен  кезде 
шатқалдың
Жез  тырнағым  алқымында 
біреудің
кете  жаздап,
кете  жаздап  шақ  қалдым.
Ауыр  болды  сол 
ашудың  салмағы,
Бел  буғандай  ақылымды 
алғалы.
Күн ұзағын  айтысқанда  өзіммен
Осы  болды  есімде 
тек  қалғаны...
Жеңдім  бірақ,
жеңе  алмады  кек 
мені,
Аласұрып  жатса  да  әлі  жетпеді.
Бірден  ажал  әкеткен 
жоқ,
сонда  да
Аз  демеймін  қансыратып 
кеткені.
Жылдар  өтті...
не  түспеді  басыма
«Жаның  шығып  кетпесе, 
тек  жасыма!»
Содан  бері  сан  әйелмен  қоштастым,
Сайтанымды 
ертпей  жүріп  қасыма.