ВЕРНУТЬСЯ

 
   «Күндерімді  сағынышпен  бояған 
Бір  сен  үшін 
байлап-матап  қоя  алам.
Түн  жеткенде  бір 
сені  аңсап  көз 
ілем,
Таң  жеткенде  бір 
сені  аңсап  оянам.
Таба  алмадым  аңсарымның 
бір  емін,
Шайқалып  тұр  темір 
белдеу  тірегім.
Мең-зең  болған  мен  өзімді  ұмыттым,
Білмей  қойдым  қалай  өмір  сүремін.
Шаршап  біттім  шын 
сырымды  жасырып,
Құдайыма 
жасадым-ау  асылық!
Енді  менің  естімесең 
атымды,
Өлді  дерсің
арманына  асылып».
Ой  салғандай  атар 
таң  мен  батар 
күн
Жөні  түзу  адамы 
едім  қатардың.
Кенет  кеше...
адресі,  аты  жоқ
Таңдандырған 
осындай  бір  хат 
алдым.
Жалтарайын  десе  кейде 
жақсылық,
Сорлатады  жұп  дегенің 
дақ  шығып.
Көлеңкеме
жолдадым  бір  жауабын
Қарлығаштың  қанатына  жапсырып.
«Жазған  сырың  әзіл 
ме,  әлде  шындық 
па?
Жарық  күнде  мұншама 
ауыр  мұң  жұтпа!
Сезіміңді  түсінемін,
тек  қана...
Еркіңмен  бас  сұға  көрме  құлдыққа!»