ВЕРНУТЬСЯ

 
    1. 
 
    Сөз  сиқырын  саралап 
білгесін  де, 
Түлеп  жатар  сан 
шумақ  күнде  есінде.
Бір  бойжеткен  құлпырып 
қуаныштан
Өлең  тыңдап  отырды 
жыр  кешінде.
Тыңдап  отыр  кейде 
ойы   аңтарылып,
Қыран  көңіл  қиядан 
арқар  іліп,
Кейде  тура  түндіктен 
қаңтар  ұлып,
Кейде  алысқа  елітіп 
шалқар  үміт...
Сосын  кенет,  кім 
білсін,  төзбеді  ме?
Бір  ғажап  от 
секірді  көзге,  міне!
Өзін-өзі  бір  сәтке  ұмытқан  ол,
Ұмытқан  ол  бір  сәтке  өзгені 
де:
«Жанымызға 
жоламай  жалған  қылық,
Тұрса  дархан  ізгілік 
алдан  күліп,
Ел  аузынан  түсірмес 
ақын  болсам!» -
Деп  бойжеткен  отырды 
арман  қылып.
2.
Асқан  кезде  бір 
биік  сен  де 
белден
Санау  дұрыс  еңбегіңді 
елге  берген.
Міне,  бүгін  ақын  тұр  жұрт 
алдында
Даусы  шықпай  қысылып-терлегеннен.
Сын  сәттердің  көрсе 
де  қандайын  көп,
Үйренбеген  соларға  жандайын 
бек
Тек  піріндей  өлеңге 
сиынады
«Жұрт  көңілін  қалдырып  
алмайын»  деп.
Білмейді  ол  мақтанып 
ісінгенді,
Қалмағандай 
ешбір  мән  ісінде 
енді,
Парызыңның 
шынайы  салмағын  да
Тұңғыш  рет  осылай 
түсінген-ді.
Қабыл  болып  жатса 
да  тілегі  мың,
Үміті  көп  жұртыңның - тірегіңнің.
Соны  ұққандар  түсінді
оның  қазір
Неге  соқпай  тұрғанын 
жүрегінің.
3-4.
Ақ  алмастай  қайрап 
бар  батылдығын,
Алса  бір  сәт 
міндетін  бақыл  мұның,
Бойжеткенмен 
орынын  ауыстырып
Тұрар  еді
осынау  ақын  бүгін.
Жас  дәуреннен  ән-жырға 
жақын-ды  кім?
Мүмкін  болып  осы 
бір  ақыл  мығым,
Сосын  залда  отырса: 
«Қайран  өлең!»
Деп  армандап  қайтадан... 
ақындығын!