ВЕРНУТЬСЯ

 
   Бір  болар  іс 
болды... 
бітті...
сөкпе  енді...
Бастым  шығар  бастықпаған 
өкпеңді.
Тоғыз  айың  тоғыз 
күндей  болмайды,
Арманың  да  сол 
еді  ғой  көптенгі.
Сыбырладың:
«Арманым  тек  бұл 
деме!
Күн  соңынан  Күн  шығады  күнде 
де.
Мен  қуансам,
қуанайын...
жарайды,
Сенің  төбең  көкке 
жетіп  тұр  неге?»
Тайбурыл  түн  қойнында 
шапқылып,
Үлгергенде 
таймас  бақыт-бақ  құрап,
Білмеуші  ме  ең,
жеңіс  күні
жүректің
Соғатынын  әдетінен  қаттырақ?