ВЕРНУТЬСЯ

 
     Еркек  дәурен,  мойныңды 
бұрып  тағы, 
Сағынышты  оятып  құлыптағы,
Сосын,  сосын...
қазіргі  қоңыр  күзден
Мені  іздеші  қылыштай 
қырықтағы.
Уақыт - қатал  қамыт,  тек 
мойын  сұқпа!
Жетші  маған,  түнектен 
ойып  шық  та!
Байқамаппын  сенің  де  өткеніңді
Жас  сәбидей  алданған 
ойыншыққа.
Іңкәр  бұлақ  едің 
сен,  самал  да  едің,
Қайта  жұтсам,  білмеймін, 
қанар  ма  едім?!
Көңіліңді  мен  сенің  қалдырмасам,
Құдай  шыным,  өкпем 
жоқ  саған  менің.
Бір төсектен хор қызы 
өрсін  мейлі,
Бұл  биігін  көңілім 
елсінбейді.
Еркек  дәурен,  көзіме 
қарашы  бір,
Қаласаң,  ол  соңғы  рет 
болсын  мейлі.
Тарқап  жатыр  уақыттың 
көнбей  тіні,
Шыбын  жанның  рас па 
сөнбейтіні?
Өкінішті-ақ 
жылдарды  кері  бұру
Құдайдың  да  қолынан 
келмейтіні!